Accessibility links

Кербаладағы жарылыстан ондаған зияратшы қаза тауып, жараланды


Ирақтың Кербала қаласында орын алған жарылыстан ондаған шиит зияратшылары қаза тауып, жараланды. Құрбан болғандардың нақты саны әзірше белгісіз бірақ ресмилердің айтуынша, кемінде 10 адам опат болып, ондаған кісі жараланған.

Ондаған мың шиит зияратшылары өздерінің діни салт-дәстүрін өткізу үшін Кербалаға аттануда. Дүйсенбі күні бір жанкешті әйел бір топ ғибадатшылар алдында өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 41 адамды өлтірген еді.
XS
SM
MD
LG