Accessibility links

Карзайдың Сауд Арабияға сапары жалғасуда


Сауд Арабияда жүрген Ауғанстан президенті Хамид Карзай Джидда қаласында Ислам конференциясы ұйымының ресмилерімен кездесуде. Карзай сондай-ақ патша Абдулламен кездеседі. Ауған президенті ұстамды Талибан мүшелерімен бітім жасау туралы өзінің әрекеттеріне қолдау тапқысы келеді.

Ол Сауд Арабияны исламшыл Талибан бүлікшілерін қарудан бас тартуға көндіруге шақыруда. Өткен аптада Лондонда өткен халықаралық конференцияда Карзай Сауд Арабия билігі бейбітшілік үдерісіне үлес қосады деп үміттенетіндігін айтты.

1996-2001 жылдары Ауғанстандағы Талибан үкіметін тек Сауд Арабиясы мен Пәкістан және Біріккен Араб әмірліктері ғана мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG