Accessibility links

Қырғызстанда бұрынғы министрді қолдау шарасы өтті


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Сопу-Коргон ауылында 200-ге жуық адам шеру өткізіп, түрмедегі бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың азат етілуін талап етті деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Сәрсенбі күнгі бұл шараны Исмаил Исаковты қорғау комитеті ұйымдастырды.

Қаңтардың 11-де Исаков жемқорлықта айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Исаковқа тағылған айыптардың саяси астары бар дейді оның қолдаушылары.
XS
SM
MD
LG