Accessibility links

Алматы қалалық ҰҚҚД бастығының бұрынғы орынбасары тұтқындалды


Алматы қаласы ҰҚҚ департаменті бастығының бұрынғы орынбасары полковник Серік Асаинов, сәрсенбі ақпанның 3 күні тұтқындалды деп «Время» басылымы хабарлап отыр.

Басылымның ақпараты бойынша, С.Асаиновтың тұтқындалуына полковниктің Павлодар облысындағы туған ауылында марқұм әкесінің атынан салынған мешіт құрылысының тарихы себеп болған.

Одан өзге, Төтенше жағдайлар министрлгінен жалға алынған Ту-154 самолеті, мешіттің ашылу салтанатына шақырылған қонақтарды Алматы мен Павлодарға алып барып, кері жеткізіп салу үшін пайдаланған.

Қазіргі таңда С.Асаинов «қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін» деген күдікпен, ҚР ҰҚҚД тергеу изоляторында жатыр.
XS
SM
MD
LG