Accessibility links

Хиллари Клинтон: Иранмен ешқандай тұтқын ауыстырылмайды


АҚШ Иранмен өзара тұтқындарды ауыстыруға жол бермейді, – деп, сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жазда Иранда тұтқындалған үш американдық турист ешқандай шартсыз босатылуы тиіс. Тұтқындалғандар өздерінің Иран шекарасын абайсызда кесіп өткендігін мәлімдеп отыр.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад сейсенбі күні, тұтқындалған үш американдықты АҚШ түрмесінде отырған бірқатар ирандықтарға ауыстыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Америка үкіметінің хабарлауынша, ирандықтар – қару-жарақ ұрлап өткізу сияқты аса ауыр қылмыс үшін жазасын өтеуде.
XS
SM
MD
LG