Accessibility links

Татарстанның жаңа президенті қызметіне бекітілді


Татарстанның мемлекеттік кеңесі республиканың премьер-министрі Рустам Миннихановты Татарстан президенті етіп бекітті. Аймақтық парламенттің 94 депутатының барлығы бір ауыздан оның кандидатурасына дауыс берді.

Республиканы 18 жыл басқарған Минтимер Шаймиевтің өкілеттілік мерзімі үстіміздегі жылдың 25 наурызында аяқталады. Қаңтар айында Минтимер Шаймиев Дмитрий Медведевпен кездесу барысында өз өкілеттілігінің ұзартылуына қатысты мәселені қарастырмауды сұрған еді.

Журналистерге берген сұқбатында ол, «билікте ұзақтау отырып қалғандығын» және өзінің ресми қызметпен айналысқысы келмейтіндігін айтқан.
XS
SM
MD
LG