Accessibility links

Қытай Иранға қатысты ескерту жасады


Қытай сыртқы істер министрі Ян Цзечи Иранға жаңа санкцияларды енгізу туралы талқылаулар дипломатиялық әрекеттерге кедергі жасауы мүмкін деп ескертті.

Бұдан бұрын президент Махмуд Ахмадинежад Иран уранын шетелде байытуға әзір деп мәлімдеген еді. БҰҰ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алаңдаушылықтарды жеңілдету үшін осындай талап қойған болатын.

Соңғы айларда кей Батыс елдері Теһранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты оған жаңа шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы ескерту жасады. Батыс мемлекеттері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG