Accessibility links

Ирақ премьері парламентті арнайы отырыс өткізуге шақырды


Ирақ мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, премьер-министр Нури әл-Малики парламентті жексенбі күні жиналып, Саддам Хуссейннің "Баас" партиясымен байланысы бар деп күдіктелген үміткерлерді наурыздың 7-дегі сайлауға қатыстыру жөніндегі соттың шешімін талқылауға шақырды. Әл-Маликидің үкіметі сәрсенбі күнгі сот шешімін "заңсыз" деп отыр.

Шамамен 500 үміткердің сайлауға қатысуына тыйым салынған болатын. Сот шешімімен бұл кандидаттардың мәселесі қайта қалпына келтірілген. Сайлау комиссиясының басшысы Фараж әл-Хайдаридің айтуынша, елдің жоғарғы сот кеңесінен сот шешімінің қайта қаралуы сұралған.

Осы даулы мәселеге байланысты сайлауға қауіп төніп тұр деген алаңдаушылықтар айтылды. Кейбір суннит саяси жетекшілері басым көпшілігі шииттер болған үкімет осы тізім арқылы бақылауды өз қолында қалдырмақшы деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG