Accessibility links

Бүгін Астанада Норвегия елшілігі ашылады


Жұма күні Астанада Норвегия елшілігінің ресми ашылу рәсімі өтеді. Бұл шараға Норвегия ханзадасы Хокон Магнус, сол елдің сыртқы істер министрі Жонас Гахр Стыр және өзге де ресми тұлғалар мен бизнес өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, жұма күні норвег ханзадасы Хокон Магнусты Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды. Онан кейін мәртебелі қонақ Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен ресми түскі асқа барады.

Астанада жаңадан ашылатын Норвегия елшілігі бұл елдің Орталық Азииядағы тұңғыш дипломатиялық миссиясы болмақ. Бұған дейін Астанада Норвегия патшалығының консулдығы жұмыс істеп келген-ді.
XS
SM
MD
LG