Accessibility links

Ұлттық банк бүгіннен бастап доллар мен теңгенің өзгеру дәлізін ұлғайтты



Қазақстанның Ұлттық банкі ақпанның 5-нен бастап доллар мен теңге валюталараның өзгеру дәлізін кеңейтті.

Енді қазақ теңгесінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 1 доллар үшін 127,5 теңгеден 165 теңгеге дейінгі аралықта болады деп белгіленді. Бұл өзгеру дәлізі 2011 жылдың 20-наурызына дейін қолданыста болмақ.

Бұған дейін 1 АҚШ доллары үшін 150 теңге «плюс-минус 3%» өзгеріс дәлізі болған еді.
XS
SM
MD
LG