Accessibility links

Саудабаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлейді


Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде жұма күні Нью-Йоркте БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлейді. Саудабаев ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы жұмыс бағдарламасымен таныстырады. Сонымен қатар Саудабаев БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездеседі деп жоспарланған.

Бұдан бұрын Саудабаев Вашингтонда болып, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесті. Екі жақ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуір айындағы Вашингтонға сапары туралы мәселені талқылады.
XS
SM
MD
LG