Accessibility links

Лавров Иранға қатысты ескерту жасады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, егер Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық қауымдастықпен ынтымақтаспаса, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Теһран мәселесін тақылауы тиіс шығар. Бұл туралы Лавров жұма күні Берлинде Мюнхен қауіпсіздік конференциясының алдында мәлімдеді.

Лавров Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттакимен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қарі жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG