Accessibility links

Иран Батыспен ынтымақтастыққа дайындығын тағы мәлімдеді


Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында елдің уран байыту жұмысын үшінші елге жолдау жөнінде әлемнің алпауыт елдерімен жақсы келісім жасалады деп білетінін айтты.

Министр Моттакидің айтуынша, таяу күндері төмен байытылған Иран уранынан шикізат алу үшін оны үшінші елде байыту мәселесі шешіліп қалуы ықтимал деді. Дәл осы ұсынысты бірнеше рет Батыс елдері Теһранға айтып келген.

Сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы аясында Иран сыртқы істер министрі мен МАГАТЭ басшысы Юкио Амано кездеседі.
XS
SM
MD
LG