Accessibility links

Германия: әлемдік қауымдастықпен Иран ынтымақтастыққа бару керек


Германия Иранның ядролық отын алу үшін өз уранын шетелде байытуға келісуі жақсы бастама, бірақ Теһран бұл тұрғыда тағы алға жылжуы керек деді.

Сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген Германия сыртқы істер министрі Гвидо Вестервелле Берлин бұрынғыдай Иранға қолын ұсынатынын айта келе, тіпті Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттакидің Мюнхендегі сөзі Германияның ұстанымын өзгерте алмады деді.

Жұма күні Моттаки әлемнің ықпалды елдерінің Иран уранын үшінші елде байытып, ядролық отын алу ұсынысынан оң жетістік көретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG