Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер Карзайдың ұсынысын қабылдамады


Ауғандық талибандар ел президенті Хамид Карзай ұсынған бітімгершілік ұсынысынан бас тартты.

Талибан қозғалысының ағылшын тілді интернет сайтында жарияланған мәлімдеме мәтінінде, Карзайдың жоспарын қолдау үшін Батыстың жасап жатқан шараларын да қабылдамайтындықтарын айтқан. Бұл мәлімдеме Лондонда өткен Ауғанстан бойынша конференциядан бірнеше күн өткен соң жарияланып отыр.

Ол кездесудің басты тақырыбы ауған үкіметі тарабынан ұстамды тәліптерге бітімгершілік ұсынысын жасау мәселесі болған еді. Одан кейін еліне келген Карзай талибан жасақтарына қаруларын тастап, ауған заңына бағынуға шақырған.
XS
SM
MD
LG