Accessibility links

Иран шеру ұйымдастырмақ болды деп 7 адамды қамауға алды


Иран билігі ақпанның 11-і күні өтетін Ислам төңкерісінің 31 жылдығы қарсаңында елде тәртіпсіздіктер жасамақ болды деген күдікпен жеті адамды қамауға алған.

Елдің барлау қызметінің жексенбі күні таратқан мәлімдемесіне қарағанда, қамауға алынғандар Дубай мен Стамбулда жаттығудан өткізілген және кейбірі АҚШ-тың тыңшылық қызметінен өткен делінген. Олар ақпараттарды сыртқа таратып, әсіресе Ашура мерекесінде арандатушылыққа барды деген барлау министрлігі күдіктілер ақпанның 11-і күні де көтеріліс ұйымдастырмақ болды деді.

Иран оппозициясының қолдаушылары маусым айындағы президенттік сайлаудан бері елде үкіметке қарсы жиындар өткізіп келеді, шеруге қатысқан жүздеген адам сотқа тартылып, біразы өлім жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG