Accessibility links

Ирақ парламенті 450 үміткерді сайлауға қатыстырмау жобасын талқылайды


Ирақ парламенті дүйсенбі күні шұғыл сессияға жиналып, Саддам Хусейн режимі кезіндегі басқарушы - Баас партиясына қатысы бар деп күдіктелген 450 үміткердің сайлауға қатысуына тыйым салу мәселесін талқылайды.

Заң жобасын депутаттардың талқылауына қайтару туралы ұсынысты премьер-министр Нури-әл-Малики үкіметі түсірді. Үкімет құжаттың қабылдануын заңсыз деп есептейді.

Бұған дейін Ирақтың бірнеше қаласында шиит партиялары шеттетілген үміткерлердің парламент сайлауына қатысуына қарсы наразылық акциясын өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG