Accessibility links

Иран уран жұмысы туралы МАГАТЭ-ге ақпарат береді


Бүгін Иран өзінің уранды жоғары деңгейде байыту жоспары туралы БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне ресми түрде хабарлайды.

Жексенбі күні кешкісін Иранның атом агенттігінің басшысы Али Акбар Салехи сейсенбіден бастап Теһран 20 пайыз уран байыту жұмысын бастайды деп айтқан. Және ол шешімдері туралы МАГАТЭ-ге дүйсенбіде ақпарат беріледі деген.

Бүгін Парижде Франция президенті Николя Саркозмен кездесейін деп отырған АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Иранға қарсы халықаралық қысымды күшейтуге шақырды.
XS
SM
MD
LG