Accessibility links

Тәркіленген тәуелсіз газеттер Әлімбеков пен Мәмиге хат тапсырды


Алматыда «Республика», «Взгляд» және «Свобода слова» басылымдары Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми мен Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековке өз газеттерінің тәркіленгендігіне байланысты наразылық танытқан мәлімдемелерін табыс етті.

Қазақстан президентінің күйеу баласы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевқа қарсы қуғындағы кәсіпкер Мұхтар Әблязовтың жариялаған мәліметтерді басқан газеттердің нөмірлерін тәркілеп алу жөнінде Медеу аудандық сотының судьясы Махметова 1-ақпан күні сот шешімін шығарған болатын.

Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков Медеу аудандық судьясының қателесуі мүмкін екендігін айтса, Қайрат Мәми бұл істі өз бақылауына алатындығын айтты.
XS
SM
MD
LG