Accessibility links

Өзбекстан Тәжікстанға беретін газын азайтты


Тәжікстанның мемлекеттік газ компаниясы хабарлағандай, Өзбекстан күтпеген жерден Тәжікстанға беретін газ тасымалын жартылай тоқтатты. Францияның AFP ақпарат агенттігіне “Тәжіктрансгаз” компаниясының атын атамаған өкілі жексенбіден бері ресми Ташкент бізге беретін табиғи газ көлемін сағатына 28 мыңнан 15 мыңға азайтты деді.

Бұл жағдайға қатысты өзбек тарапынан мәліметтер келіп түспеді. Тәжікстан газдың азайтылуына не себеп болғаны түсініксіз екенін айтып отыр.

Тәжікстан Өзбекстанның табиғи газына 95 пайызға тәуелді және осы жылдың ішінде екінші рет газ тасымалы осылай үзіліп отыр. Бұл екі елдің арасында осыған дейін Тәжікстанның үлкен бөгесін салу жоспарына байланысты кикілжің орын алған. Өзбекстан Роғун гидро электр стансасы өзінің мақта өндірісіне қажетті суға салдарын тигізеді деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG