Accessibility links

Қазақстанда көптеген саяси өлімдердің құпиясы ашылған жоқ


Қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы, оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өлі денелері 2006 жылдың 13 ақпанында Алматы маңындағы Көктөбенің іргесінен табылды. Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабында
Қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы, оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өлі денелері 2006 жылдың 13 ақпанында Алматы маңындағы Көктөбенің іргесінен табылды. Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабында

Кісі қолынан қаза болған оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтің өлі денелерінің Алматы облысының Талғар ауданы аумағынан табылғанына да төрт жыл өтті.


ТӨРТ ЖЫЛ БҰРЫН

Ресми ақпаратқа сәйкес, 13 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 35 минутта Алматы облыстық ішкі істер басқармасының басқару пультіне «жол жағасынан зорлықпен өлтірілген үш адамның мәйіті табылды» деген хабар келіп түскен. Үш адамның үшеуі де желкелерінен атқан оқтан өлген. Василий Журавлевтің қолы байланған. Өлтірілген адамдардың жанынан джип дөңгелегінің ізі байқалған.

Осы бір қатыгез де арсыздықпен жасалған кісі өлтіру оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Біреулер бұны ескерту деп ұқты. Енді
Оппозиция белсендісі қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының суретін ұстап тұр. Алматы, 26 ақпан 2006 жыл.
біреулер билік өзіне қауіпті қарсыласының көзін жойып отыр деп, дереу кек алуды талап етті.

Бұл кісі өліміне қатысты түрлі болжамдар айтылды. Билік елге көрсетіп жасаған сот процесі арқылы «кінәлілерді жазалағанымен», саясаттанушылар мен жекелеген қайраткерлер 2006 жылы болған саяси кісі өлтіру оқиғасы Қазақстанда саяси дағдарысты тудырды деген пікірде.

ТӨРТ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ

Дегенмен, марқұмды «Кеңсай-2» зираттар қорымына жерлеп, қаралы сөздер айтылып, баспасөзде алғашқы болжамдар жарияланған соң тағы да үнсіздік орнады. Сол үнсіздік осы уақытқа дейін жалғасып келеді.

Кісі қолынан қаза болғандардың серіктері Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің ісін қайта қарауды, Қазақстан оппозициясының тағы бір тірегі – Заманбек Нұрқаділовтің қазасына қатысты фактілер бойынша, сонымен бірге, соңғы бірнеше жылдың бедерінде орын алған бірқатар түсініксіз кісі өлімдеріне байланысты қайтадан тексеру жүргізуді жыл сайын талап етуде.

Бірақ жауап жоқ – үнсіздік.

Алматылық «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева «болған оқиғалардың барлығы бір бірімен байланысты, өйткені бұл жерде жекелеген қылмыстық оқиғалар жоқ» деп есептейді.

– Ең алдымен, бұлар – саяси өлімдер және осы өлімдерге қатысы бар болуы мүмкін нақты адамдармен байланысты. Жалпы алғанда, бұның барлығы белгілі, бірақ нақты дәлел жоқ, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Өз кезегінде, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, қуғындағы саясаткер Рахат Әлиевтің марқұм Алтынбек
Рысбек Сәрсенбай, қастандық құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы. Алматы, 2 шілде 2009 жыл.
Сәрсенбайұлының өлтірілуін тексеруге бастамашы болуға даяр екендігін еске түсірген «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай : «...егер Рахат Әлиевтің қолында бұл істі ашатын қандай да бір дәлелдер болса, онда ол баяғыда-ақ беретін еді. Өзі үшін емес, кек алу үшін», – деп атап өтті.

Сонымен бірге, көптеген адамдар, билікте отырғандар шындықты жасыру үшін барын салатындықтан, жақын арада 2004-2006 жылдары болған кісі өлімдерін тексеруге қатысты оң өзгерістер күтудің қажеті шамалы деген пікірде. Өздігінен тексеру жүргізу елеулі қауіп тудырады.

ӨТЕМБАЕВ КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ МЕ?

Оппозицияның жақтастары бұл қайғылы оқиғада негізгі рөл ойнаған адамдардың түрлі себептерге байланысты соттың құрығына ілінбей қалғанына сенімді. Алайда, екінші рөлде болғандар жағдайдың орайына байланысты, Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өліміне кінәлі деп табылып, жазаларын өтеуде. Ал бүгінде олар қандай жағдайда екен?

«Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, Ержан Өтембаев (саясаткер мен оның көмекшілерін ұрлап
«Свобода слова» басылымының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева баспасөз бостандығын қорғау акциясында. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.
әкету мен өлтіруге тапсырыс беруші деп танылған) тұтқындалғаннан соң бір-екі күн өткенде редакцияға беймәлім біреу телефон шалған.

– Әңгіме қысқа ғана болды. Маған: «Гүлжан Хамитқызы, бүгін Өтембаевты өлтірулері мүмкін. Жүрек талмасын «жасауы» мүмкін», – деп айтқаны анық есімде. Ал енді содан бері арада біраз уақыт өткен соң, қазіргі уақыт тұрғысынан қарап, сол кезде шынында да осындай бір ой болған шығар деген қорытындыға келдім. Өйткені, Өтембаевтың өзін-өзі билей алмайтын жағдайда болған алғашқы мойындаулары, енді алынып тасталды, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Өз кезегінде, тағы бір медиа-менеджер Ермұрат Бапи оппозициялық «Тасжарған» газеті де өзінің ақпарат көздері арқылы Алтынбек Сәрсенбайұлының ісі бойынша сотталғандардың қайда отырғандарын анықтауға әрекет жасағанын хабарлады.

Алайда журналистік зерттеулер еш нәтиже бермеді. Тек қана, қылмыстың орындаушылары, «Арыстан» арнаулы қызметінің бұрынғы қызметкерлерінің түрмелерде жазаларын өтеп жатқандығын білуге мүмкіндік туды. Ал оған қарағанда ірілеу тұлғалар жайында, ресми түрде, әлденені білу мүмкін болмады.

Дәл осы кезде ел арасында айтылып жүрген қауесеттерден де қызықты хабарлар естіліп қалады. Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбай өзіне жеткен қауесеттер бойынша, сотталғандардың кейбіреулері, кейбір кездері бостандыққа да шығып және жазасын өтеу үшін бөлінген жерлерде соншалықты жаман тұрып жатпағанын айтады.

Мысалы, оның айтуынша, парламент сенатының бұрынғы аппарат жетекшісі Ержан Өтембаев Астанада түрме кітапханасының меңгерушісі болып мерзімін өтеп жатқан көрінеді.

– Менің тағы бір естігенім, Рустам Ибрагимовты (қылмыстың ұйымдастырушысы деп танылып, өмірлік түрме жазасына кесілген ІІМ-нің бұрынғы қызметкері) тағы да тергеуге алыпты-мыс. Бұл әлі Амангелді Шабдарбаев ҰҚК төрағалығында тұрған кезде болған жағдай. Мүмкін Ибрагимовті қайтадан пайдаланғысы келген болар, бірақ оның мынадай бір жағдайы бар. Ол да барлығын бірдей айтпаса керек және өз кезегінде, билікпен саудаласқан кезде, жазадан аман қаламын ба деген үмітпен жағдайды пайдаланып қалуға әрекеттенген. Алайда, Талдықорғандағы сотта да, содан соң оның қатысуынсыз өткен Жоғарғы сотта да бұл ойын іске асыруға оған мүмкіндік бермеген, – дейді Рысбек Сәрсенбай.

Бір айтарлығы, баспасөз өкілдеріне бұрынғы шенеунік жайында жаңа ақпараттар алу үшін Ержан Өтембаевтың туыстарымен байланысу мүмкін болмай отыр. Ал, оның әйелі Людмила Тень бұдан бұрын да журналистермен кездесуге соншалықты ықылас таныта қоймайтын.

Алайда, жекелеген журналистер мен Алтынбек Сәрсенбайұлының жақындары бұрынғы шенеунікке әлденеге уәде берілуі мүмкіндігін де жоққа шығармайды. «Ол кесілген мерзімін түгел отырмай (20 жыл – Аутор), жақын арада шығып қалуы мүмкін», – деген болжам жасайды Рысбек Сәрсенбай.

ӨЛАРА КЕЗЕҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Әйтсе де, қаза болған саясатшылардың серіктестері, осы екі адамның опат болуы ұмытылмас сабақ болғандығына сенімді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай, сөз жүзінде демократия, гуманизм,
Солдан оңға: «Азат» партиясының бас хатшысы Төлеген Жүкеев, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қаза болғанына екі жыл толуына орай өткізілген жиында. Алматы, 11 ақпан 2008 жыл.
адамгершілік қатынастар, сот әділдігі жайында айтып, шындығында басқаша әрекет жасайтын қазіргі биліктің шынайы бет-бейнесін көрудің мүмкіндігі туды деп есептейді.

– Өзгеше ойлағандығы үшін адамдарды тек соттап қана қоймайды, ана дүниеге де аттандырып жіберуі мүмкін. Және халықтың бойын қорқыныш билеп алуы да белгілі бір дәрежеде теріс ықпалын тигізді. Сондықтан, бүгінгі біздің міндетіміз, егер қарсылық танытпайтын болсақ, онда саяси тұрғыда да, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда да елде шынайы өзгерістерге қол жеткізу мүмкін еместігін халыққа түсіндіру, – дейді Жармахан Тұяқбай.

Қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер бұл оқиғадан барлық тарап та: қоғам да, оппозиция да, билік те елеулі тәжірибе алғанын атап өтеді.

Бірақ, Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бастап саяси кісі өлтіру мен қоғамдық тұлғаларды ұрлау кезектесіп орын алып келеді. Бұл құпияның жұмбақ жағдайлары өсе түсуде.

Тергеу мен сотқа айтылар сын көп, құрбандардың туыстары өздерін қауіпсіздікте сезінбейді, қоғамда қорқыныш пен шарасыздық белең алуда.

РЕДАКЦИЯДАН: Сәрсенбі күні Азаттық радиосында оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының қастандықпен өлтірілгеніне төрт жыл толуына орай өткізілген дөңгелек үстел жарияланады. Бейсенбі, 11 ақпан күні біз Алтынбектің жесірі Салтанат Атушеваның радиомызға берген эксклюзивті сұқбатын жариялаймыз.
XS
SM
MD
LG