Accessibility links

Медведев Дағыстанға жаңа президент ұсынды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Солтүстік Кавказ аймағындағы Дағыстан республикасына жаңа президент ретінде университет профессоры Магомедсалам Магомедовты атады.

Дағыстанның қазіргі президенті Муху Алиевтің президенттік мерзімі ақпанның 20-да аяқталады.

Ресей президенті сонымен қатар Красноярск өлкесінің басшылығына Лев Кузнецовты, Ханты-Мансы автономиялық округіне Наталья Комарова, еврей автономиялық облысына басшы етіп Александр Винниковты ұсынған.

Олар аймақтық жергілікті заңшығарушылар мақұлдаған соң ғана қызметтеріне кіріседі.
XS
SM
MD
LG