Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында 2010 жылдың 9 ақпанында қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжам жасалып отыр. Ақпанның 9-11 күндері облыстың солтүстік аудандарында ауаның температурасы минус 25-28 градусқа дейін суытады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарына атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалы сақталады. Ал республиканың қалған аумақтарындағы ауа райын антициклонның суық тарамдары анықтайтын болады.
Сондай-ақ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында минус 40-43 градусқа дейін үскірік аяз болады деген болжам айтылуда.