Accessibility links

Өзбекстанда фотографқа қатысты сот басталды


Сейсенбі күні өзбек фотографына қатысты сот басталды. 54 жастағы Умида Ахмедоваға суреттері мен деректі фильмінде Өзбекстан халқын артта қалған және кедей етіп көрсетті деген айыптар тағылып отыр. Ахмедова түсірген суреттер мен деректі фильмді Ташкенттегі Швейцария елшілігі қаржыландырған болатын.

Ахмедова қарапайым адамдардың күнделікті өмірін фотоға түсірген. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Егер Ахмедова айыпты деп табылса, 2 жылға еңбек лагеріне қамалуы немесе 6 айға түрмеге жабылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG