Accessibility links

Янукович Тимошенконы сайлау нәтижесін мойындауға шақырды


Украинада президент сайлауының алдын ала нәтижелерін шығару үшін Қырымдағы бір сайлау учаскесінің мәліметтері жетіспейді. Орталық сайлау комиссиясы сәрсенбі күні таңертеңге дейін үзіліс жариялады.

Басқа да сайлау учаскелерінің мәліметтері бойынша Аймақтар партиясының басшысы Виктор Янукович шамамен 3,5 пайыз дауыспен премьер-министр Юлия Тимошенкодан озып тұр.

Американдық CNN телеарнасына берген сұхбатында Янукович Тимошенконы ұтылғандығын мойындауға шақырды. Премьер-министр cайлау қорытындысына қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді. Бірқатар жақтастары оның сайлау қорытындысын сотта қарағысы келетіндігін мәлімдеді. Халықаралық бақылаушылар Украинадағы президент сайлауын демократиялық ережелерге сай өтті деп мойындады.
XS
SM
MD
LG