Accessibility links

Ауғанстандағы қар көшкінінен 157 адам қаза тапқан


Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, дүйсенбі күні Кабулдың солтүсігіндегі тауда болған қар көшкінінен кемінде 157 адам қаза болды.

Министрлік өкілі Земери Башаридің айтуынша, құтқарушылар ел астанасы мен солтүстіктегі Хинду Куш тауларының арасындағы негізгі жолдан 157 адамның денесін тапқан.

Құтқарушы топ бұл аймақтағы қар көшкінінен зардап шегіп, жараланған жүздеген адамды басқа жаққа көшірді.
XS
SM
MD
LG