Accessibility links

Украина сайлауының бастапқы қорытындысы бойынша Янукович жеңді


Украинаның Орталық Сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс берулердің алдыңғы қорытындылары бойынша Виктор Янукович 49 пайызбен жеңіске жетіп отыр.

Сайлаудың ақырғы нәтижелері ресми түрде ақпанның 17-де жарияланады. Бірақ сайлау комиссиясы сәрсенбі күні барлық дауыстар саналып бітті деді. Онда Янукович 48,95 пайыз, Тимошенко 45,47 процент дауыс алған.

Янукович өзінің жеңіске жеткенін дауыс берулерден кейін-ақ жариялап үлгерген. Тимошенко жеңілісін мойындаған жоқ, оның партиясы Януковичті дауыстарды ұрлады деп айыптады.
XS
SM
MD
LG