Accessibility links

ЕҚДБ Сербия мен Боснияға қомақты инвестиция салмақ


Еуропадағы қайта құру және даму банкі өзінің Сербия мен Босниядағы инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларға жүздеген миллион еуро қаржы салатынын айтты.

Банктің таратқан мәлімдемесінде, 150 млн еуро Сербияның газ тасымалы мен саудасын жүргізетін мемлекеттік газ компаниясына бөлінеді.

Ал оған көрші Боснияның ифрақұрылымына осы жылы 150 ден 200 млн еуроға дейін инфестиция салынбақ. ЕҚДБ Боснияның экономикасы үшін өте маңызды көлік саласына ақша құюды жоспарлап отыр. Наурыз айында Сараево әуежайын жөндеу үшін 25 млн еуро болатын келісімге қол қойылады.
XS
SM
MD
LG