Accessibility links

Қытай өлім жазасына шектеу енгізбекші


Қытайдың Жоғарғы соты елдегі судьяларды ауыр қылмыстармен сотталғандарға өлім жазасын қолдануды азайтуға шақырды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, сот шығарған анықтамада өлім жазасы тек дәлелдер мен айғақтар жеткілікті болғанда ғана шығарылуы керек делінген.

Қытайда 60-тан аса қылмысты өлім жазасымен жазалайды. Оның ішіне алаяқтық, параға қатысты және есірткі айыптары да кіреді.

Amnesty International ұйымының хабарлауынша, 2008 жылы әлемде 2,400 өлім жазасы үкімі жүзеге асырылса, оның 1,700-і Қытайда орын алған.
XS
SM
MD
LG