Accessibility links

Британ соты Гуантанамо тұтқынына қатысты ақпарат жариялануы керек деді


Британияның апелляциялық соты Гуантанамо абақтысында болған британдық Биньям Мохамедке қатысты сот шешімін күшінде қалдырып, оның қамауда азапталғаны жайлы құпия мәліметтерді ел үкіметі ашуы керек деді.

Гуантанамо тұтқыны болған тегі эфиопиялық британ азаматы Биньям Мохамед 2002 жылы Пәкістанда ұсталып, Гуантанамоға жеткізілгенше азапталып, өзіне тағылған айыптарды мойындауға мәжбүр болған.

Ол өткен жылы босатылған соң, өзінің жеті жыл бойы азап көргенін британия билігі білді деген. Қараша айында Британия соты ресмилерге Мохамед туралы АҚШ-тың құжатын жариялауды тапсырған. Бірақ сыртқы саясат мекемесі ол ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп ол сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсірген.
XS
SM
MD
LG