Accessibility links

Янукович Тимошенконы премьер-министр қызметінен кетуге шақырды


Украинаның президенттік сайлауында басым дауыспен жеңіске жақын тұрған Виктор Янукович өзінің сайлаудағы қарсыласы Юлия Тимошенконы үкімет басшысы қызметінен кетуге шақырды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдыңғы нәтижелерге қарағанда, Виктор Янукович жеңіске жетіп тұр деп мәлімдеген. Сайлаудың ақырғы нәтижелері ресми түрде ақпанның 17-де жарияланады. Бірақ сайлау комиссиясы сәрсенбі күні барлық дауыстар саналып бітті деді.

Сайлауда Янукович 48,95 пайыз, Тимошенко 45,47 процент дауыс алған. Янукович өзінің жеңіске жеткенін дауыс берулерден кейін-ақ жариялап үлгерген. Тимошенко жеңілісін мойындаған жоқ, оның партиясы Януковичті дауыстарды ұрлады деп айыптады.

Янукович өзінің Аймақтар партиясының вебсайтында Тимошенконы жаңа дағдарыс тудырмай премьер-министр қызметінен кетіп, оппозицияға өтуге шақырған.
XS
SM
MD
LG