Accessibility links

Грекияда мыңдаған жұмысшы ереуілге шықты


Грекияның премьер-министрі Георгий Папандрей бюджет тапшылығын азайту үшін бар күшін жұмсауға уәде берді.

Үкімет басшысы дағдарысқа қарсы іс-шаралардың қабылдануына қарсы наразылық акциясына шыққан мыңдаған жұмысшылардың алдында осындай мәлімдеме жасады.

Акция бейбіт өтті, полициямен арада айтарлықтай ауыр қақтығыстар болған жоқ.

Бірқатар кәсіподақ басшылары үкіметтің дефицитпен күресте мемлекет шығынын азайтуға қатысты іс-әрекеттерін жұмысшылар мен орта тап өкілдеріне қарсы соғыстың басы деп бағалады.

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG