Accessibility links

Ширин Эбади Ирандағы жағдай ушығуы мүмкін деп қорқады


Нобель сыйлығының лауреты Ширин Эбади иран оппозициясының жақтастары мен билік арасындағы текетірестің ушығып кетуінен қорқатындығын мәлімдеді.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Кеңеске жазған ашық хатында Эбади қазіргі иран басшылығы, оппозициялық толқулардытағы да күшпен басқан жағдайда, елді апатқа ұрындыруы мүмкін деп жазды.

Эбади бүгін – Иран ислам республикасының 31 жылдығы мерекесі күні қақтығыстар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Бұған дейін оппозиция үкіметке қарсы кезекті акциясы өтетіндігін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG