Accessibility links

Қытай соты қамаудағы диссиденттің шағымын қараусыз қалдырды


Бейжің соты бүгін диссидент-жазушы Лю Сяобоның апелляциялық шағымын кері қайтарды. Диссидент мемлекетке қарсы қызмет атқарған деген айыппен 11 жылға түрмеге қамалған болатын.

АҚШ-тың Қытайдағы елшісі Джон Хантсменнің мәлімдеуінше, сот шешіміне «көңілі қалған» Вашингтон Лю Сяобоны тез арада босатуын талап етіп, азаматты саяси көзқарасын білдіргені үшін қудалау халықаралық адам құқығы ережелеріне қайшы деп атап көрсетті.

Еуропалық Одақтың өкілі Саймон Шарп Бейжіңде ұйым елдері диссидентті босатуды талап етеді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG