Accessibility links

Таиланд прокуратурасы Ил-76 экипажына тағылған айыптарды жойды


Таиландтың бас прокуратурасы бүгін Ил-76 ұшағының экипажына бұған дейін тағылған айыптарды жою туралы шешім шығарды.

Бас прокурор Чуласинг Васантасинг, бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында, бортында қару-жарақ табылған ұшақ экипажын қудалауға Таиланд және әлемдік қауымдастық мүдделі емес деп мәлімдеді.

Хабарларға қарағанда, Таиланд соты бүгін экипажды қамаудан босату туралы қаулы шығаруы мүмкін. Одан соң ұшқыштар елдеріне қайтарылу үшін иммиграциялық полицияға тапсырылады деп хабарланды.

Ил-76 жүк ұшағы өткен жылы 12 желтоқсанда Бангкокте ұсталды. Ұшақтағы төрт қазақстандық және бір белорус қамауға алынды.
XS
SM
MD
LG