Accessibility links

Қытай: Елімізде диссиденттер жоқ


Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы елдің диссиденттері жоқ деп мәлімдеді. Бейсенбі күні баспасөз маслихатын өткізген Ма Жаоксу "Қытайда диссиденттер жоқ" деп атап көрсетті.

Оның бұл мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын Бейжің соты елдегі демократиялық дауыстардың бірі Лиу Циаобоның 11 жылдық түрме мерзімін сол күйінде қалдыру туралы шешім шығарған болатын.

АҚШ пен Британия және ЕуроОдақ ресмилері Лиуның аппеляциялық шағымының жоққа шығарылғандығына байланысты өкініш білдіріп, оны тезарада қамаудан босатуға шақырды.

Қытайдағы адам құқықтары жағдайын сынаған Лиу жетоқсан айында 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
XS
SM
MD
LG