Accessibility links

ЕуроОдақ Грецияға көмектеспек


Еуропа Одағының президенті Херман Ван Ромпуйдың мәлімдеуінше, Грецияның экономикалық дағдарысымен күресуі үшін оған көмектесу туралы келісім жасалған. Бұл туралы Ван Ромпуй бейсенбі күні Брюссельде ЕуроОдақ басшыларының саммиті алдында мәлімдеді. Әлгі келісім туралы егжей-тегжейлі мәліметтер басқосуда жарияланады деді ЕуроОдақ президенті.

Ол Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Николя Саркозимен бірге бірнеше сағат бойы талқылаулар өткізді. Меркелдің айтуынша, Еуропа Одағының ережелерін сақтаған Грецияға одақ көмек көрсетеді.

Сарапшылар Грецияның қаржылық проблемалары евроның тұрақтылығына қауіп төндірді деп есептейді. Сонымен бірге, бұл елдегі дағдарыс Португалия және Испания сияқты мемлекеттерге кері әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылуда.
XS
SM
MD
LG