Accessibility links

Операцияға түскен Билл Клинтонның жағдайы жақсарды


АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның денсаулық жағдайы жүрекке жасалған операциядан кейін жақсарып келеді.

Клинтонның кардиологы Аллан Шварцтың айтуынша, науқас жүрегіне стент орнатылды. Бұл операция жүрек талмасын тудыратын қысымды азайту үшін жасалады.

Дәрігердің хабарлауынша, 63 жастағы саясаткердің жағдайы жақсы және ол дүйсенді күні-ақ жұмысына кірісе алады. Клинтон БҰҰ-ның зілзаладан зардап шеккен Гаити мемлекетіне көмектесу іс-шараларын үйлестіреді.

2004 жылы Билл Клинтонның жүрегіне күрделі операция жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG