Accessibility links

Ш.Эбади Женевада Иран үкіметін сынады


Ирандағы адамның құқын қорғаушы қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты Шырын Эбади халықаралық қауымдастықты өз еліндегі адам құқының аяқасты болуына байланысты ресми Теһранға қарсы қысымды күшейтуге шақырды.

БҰҰ-ның адамның құқы бойынша комиссиясының Женевадағы тыңдауларында сөйлеген сөзінде Эбади саяси оппозицияны қудалағаны үшін ресми билікті өткір сынға алып, Иранда адамның құқын қорғау ахуалының жыл өткен сайын ауырлай түскенін мәлімдеді.

Бірақ сонымен бірге Эбади Иранға қарсы жаңа экономикалық санкциялар қолдануға және Иранның ядролық нысандарына әскери соққы беруге қарсы сөйледі.

Дүйсенбі күні БҰҰ-ның адамның құқы бойынша комиссиясы өзінің ресми мәжілісінде Ирандағы адам құқы мәселесін талқылайды.
XS
SM
MD
LG