Accessibility links

Ирақ тыйымға қарсы көп кандидаттың шағымын кері қайтарды


Ирақтың сайлау ресмилер наурыздың 7-сіне белгіленген парламенттік сайлауға қатысуға тыйым салынған көптеген саясаткердің шағымы қанағаттандырылмады деп хабарлады.

Тәуелсіз сайлау комиссиясы басшысының орынбасары Усама әл-Анидың айтуынша, сенбі күні тыйым салынған кандидаттардың тек 26-сының өтініші қабылданды деді. Оның сөзіне қарағанда, қалған 145 шағымданушының өтініші қабылданбаған. Ирақтық коалиция оған наразылық ретінде өздерінің сайлау алды науқанын уақытша тоқтататындықтарын айтты. Шағымдары кері қайтарылғандар қатарында сүнниттердің белгілі мүшелері Салех әл-Мутлах пен Дафер әл-Ани бар.

Бұрынғы сүннит диктаторы Саддам Хуссейннің Баас партиясымен байланысы бар деп айыпталған кандидаттарға қарсы даулы тыйым салу шараларын үкімет енгізген.
XS
SM
MD
LG