Бүгін Көкшетау қаласында тариф саясатына қатысты орта және кіші бизнес топтарының ұйымдастыруымен рұқсат етілген митинг өтті. Наразылық акциясы барысында жергілікті биліктен баға саясатын қайта қарауды талап еткен үндеулермен қатар саяси талаптар да айтылды деп ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.
Шараны ұйымдастырушылардың бірі Анатолий Новиковтың айтуынша, қалалық әкімшілікке ақпан айының басында митинг өткізуді сұрап, 300 адамның қолы қойылған хат тапсырылғанымен, билік тек 13 ақпанда қала сыртындағы саябақта өткізуге рұқсат берген.
Жергілікті уақытпен сағат түскі 13-те басталған шараға 500-ден аса адам жиналған. Олардың сөзіне қарағанда, қалада жыл басынан бері жылу үшін баға 135 пайызға, суға 500 пайызға көтерілген. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл митинг өткізуді қолдап шыққандарды салық органдары тексере бастаған.
Митингке шыққандар бейбіт шараларды қала сыртында өткізуді ұсынған қалалық мәслихаттың шешімін халыққа қарсы деп, митингтер тек қаланың ортасында өтуі керек деп талап етті. Бұл наразылық шарасына оппозициялық тіркелмеген Алға мен Коммунистер партиясының белсенділері де қатысы, билікке қарсы ұрандарын алып шыққан.