Accessibility links

НАТО күштері Ауғанстандағы операциялар сәтті өтуде деді


Ауғанстанның Хельманд провинциясындағы талибандарға қарсы операция сәтті жүріп жатыр деп НАТО қолбасшылығы хабарлап отыр. Елдің оңтүстігіндегі Маржа қаласында 15 мыңдай, американдық, британдық және ауғандық әскерлер бірлескен операция жүргізіп, аймақта бекінген тәліптерге қарсы соққы беруде.

Әскери қолбасшылықтың хабарына қарағанда, қаладағы негізгі нысандар бақылауға алынып, талибандар жасағы айтарлықтай қарсылық көрсете алмаған. Сенбі күні басталған әскери операциядан кемінде 20 талибан бүлікшісі өлтіріліп, 11-і тұтқынға алынған. Одақтас күштерден екі әскер мерт болып, бірнешеуі жараланған.

Талибан қолзғалысының өкілі өздерінің әлі де Маржа қаласының бір бөлігін бақылауда ұстап, қарсыластарына тұтқиылдан шабуылдау тәсілін қолданатындықтарын айтқан.
XS
SM
MD
LG