Accessibility links

Ливанда бұрынғы премьер-министр Рафик Харириді еске алынды


Бүгін мыңдаған ливандық Бейрут орталығына жиналып, қастандық құрбаны болған премьер-министр Рафик Хариридің қаза тапқанына 5 жыл толғанын атап өтті. Харири 2005 жылдың ақпанында көлік керуеніне жасалған шабуылдан құрбан болған. Онымен бірге 20 адам қаза тапқан.

Бұл күнгі еске алу шарасына жиналуға Хариридің ұлы бүгінде Ливан премьер-министрі Саад Харири шақырған.
Ливандағылардың көбі Хариридің өліміне Сирияны айыптап, Дамаск бұл елдегі әскерін шығаруға мәжбүр болды.

Таяуда кіші Хариридің Сирияға сапарында екі елдің қарым-қатынасы жақсарғаны айтылды.
XS
SM
MD
LG