Accessibility links

Виктор Янукович Украина президенті болып жарияланды


Украинаның Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 7-дегі президенттік сайлаудың ақырғы қорытындысын жариялап, Виктор Януковичті елдің сайланған президенті деп ресми түрде хабарлады.

Оның алдында премьер-министр Юлия Тимошенко қарсыласы Януковичтің алаяқтыққа барғаны жайлы өзінде дәлелдер бар екенін мәлімдеп, дауыс беру қорытындысын сотқа беретінін айтқан болатын. Орталық сайлау комиссиясы Тимошенконың шағымдарын қарамайтындарын айтып, сайлау қорытындысын жоспарланғаннан үш күн ерте жариялады.

Еуропа Одағы, Құрама Штаттар мен НАТО жетекшілері Януковичті жеңісімен осыған дейін құттықтап қойған. Бірақ Тимошенко кеше кешкісін Янукович ешқашан Украинаның заңды сайланған президенті бола алмайды деді.
XS
SM
MD
LG