Accessibility links

Биыл Мәскеу Минскіге 6 млн. тонна мұнай береді


Дүйсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Беларуссияға салықсыз мұнай беру туралы заңға қол қойып бекітті. Одан бұрын аталған федералдық заңды Мемлекеттік дума қабылдап, Федерация Кеңесі мақұлдаған болатын.

Өткен жұма күні Беларуссия президенті Александр Лукашенко 2010 жылы Ресейден мұнай алудың шарттары туралы үкіметаралық хаттаманы қол қойып бекітті.

Ресми Мәскеу мен Минскінің 27 қаңтар күнгі өзара уағдаласуы бойынша, Ресей Беларуссияның ішкі тұтынысына 6 миллионнан астам тонна мұнайды салық салмай береді.
XS
SM
MD
LG