Accessibility links

Х.Клинтон: Иран әскери диктатураға айналуы мүмкін


Иранда әскери диктатура пайда болуы мүмкін. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осылай деп есептейді.

Катарда Араб университетінің студенттері алдында сөйлеген сөзінде Клинтон шегелеп айтқанындай, Ирандағы Ислам төңкерісі сақшылары корпусының билігі соншалықты, ол елдің іс жүзіндегі үкіметіне айналды.

Клинтон ханым осы аймаққа және бүкіл әлемге Иранның ядролық бағдарламасынан қатер төнгенін тағы да атап көрсетті.

Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал - мемлекеттік хатшының Сауд Арабиясының патшасы Абдулламен және тағы басқа ресми тұлғалармен арадағы келіссөзінің күн тәртібінде тұр.
XS
SM
MD
LG