Accessibility links

Женева: Ирандағы адамның құқы талқылануда


БҰҰ-ның адамның құқы бойынша кеңесі Ирандағы адам құқының ахуалын талқылай бастады. Ирандағы адам құқының ахуалы алғаш рет сараланып отыр. Өйткені, адамның құқы бойынша кеңес 2006 жылы құрылды.

Женеведа өтіп жатқан осы мәжілісте Иран мен батыс елдері ашық пікір алмасуға жиналды. Батыс елдері Ирандағы адам құқықының бұзылуын сынамақ ниетте болса, ресми Теһранның Куба, Венесуэла және Никарагуа сынды одақтастары – Ирандағы адам құқының ахуалын керісінше қорғамақшы.

Ресми Теһранның мәлімдеуінше, адам құқының ахуалын Батыс елдері Иранға қысым жасаудың «саяси сайманы» етіп алды.
XS
SM
MD
LG