Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті жылдық баяндамасын жариялады


Журналистерді қорғау комитеті "2009 жылы баспасөзге жасалған шабуылдар" деп аталатын баяндамасын жариялады. Нью-Йоркте орналасқан бұл ұйымның сейсенбі күні Токиода жариялаған бандамасына сәйкес, өткен жылы өлтірілген журналистердің саны 70-ке жеткен. Бұл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш дейді Журналистерді қорғау комитеті.

Сонымен қатар аталмыш ұйымның баяндамасында Қазақстанда түрмеге жабылған журналист Рамазан Есіргеповтың аты аталған.

Өткен жылы 8 тамызда Тараз соты құпия құжаттарды жариялаған деген айыппен «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповты үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған-ды.
XS
SM
MD
LG