Accessibility links

Клинтон Иранға қатысты ескерту жасады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, егер Иран ядролық қаруға қол жеткізсе, ол Таяу Шығыстағы ядролық қарулар жарысына түрткі болуы мүмкін. Бұл туралы Клинтон Сауд Арабиясындағы қыздар колледжінде сөйлеген сөзінде айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Иран ядролық қару жасауды көздеуде деп айыптады. Ол сондай-ақ Иранды әлемдегі лаңкестікті қолдайтын ең ірі мемлекет деп сипаттады.

Клинтон Парсы шығанағына үшкүндік сапарын аяқтауда.
XS
SM
MD
LG