Accessibility links

Ахмадинежад: Ядролық отынға байланысты келіссөздер жалғасуда


Президент Махмуд Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, ядролық отынды айырбастау келісіміне қатысты келіссөздер жалғасып жатыр. Иранға жаңа санкцияны енгізуді көздейтін кез келген мемлекет өз әрекеті үшін өкінетін болады деп ескертті Ахмадинежад.

БҰҰ ұсынып отырған келісімге сәйкес, Иран ядролық отын жасауы үшін өзінің уранын шетелге шығаруы тиіс. Батыс елдері бұл келісім Иран ядролық қару жасауы мүмкін деген алаңдаушылықтарды жояды деп сенеді. Теһран болса ядролық бомба жасау ниетіміз жоқ дейді. Өткен аптада Иран Теһрандағы медициналық зерттеу реакторы үшін 20 пайыздық байытылған уранын өндіре бастағанын хабарлады. Осыдан кейін Батыс елдерімен арадағы шиеленіс өрши түсті.
XS
SM
MD
LG